Фото: haqqin.az

Мальдив Республикасының президенті Мохамед Муиззу мемлекет қаржысын үнемдеу және елдегі дағдарысты кезінде шығынды азайту саясаты аясында жалақысын 50%-ға төмендету туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Times of India басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Муиззу кеңсесінің мәліметіне сәйкес 2025 жылдан бастап ел басшысының жалақысы 600 мың руфий немесе 39 мың доллар көлемінде болады. Бұған дейін президент 1,2 миллион руфий жалақы алып келген. Екі есе азайтқан күннің өзінде президенттің жалақысы елдегі тұрмыстық шығындар көлемінен екі есеге көп (316 мың руфий).

Муиззудің шешіміне сәйкес мемлекеттік мекемелер мен министрліктердегі қызметкерлердің жалақысы 10%-ға төмендейді. Тек судьялар мен заң орындаушыларының жалақысы өзгеріссіз қалады. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!