Фото: ria.ru
Ресейде автобус пен пойыз соғысып, жеті адам қайтыс болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі ria.ru-ға сілтеме жасап.
Оқиға Ресейдің Ярослав облысында болған. Агенттіктің мәліметінше жеті адам көз жұмған.
Қазіргі кезде оқиға орнында полиция қызметкерлері, дәрігерлер мен төтенше жағдайлар қызметінің мамандары жұмыс істеп жатқаны хабарланды.
БАҚ-та рейстік автобус пен экспресс пойыз соғысқаны айтылуда.
«Пойыз бен автобустың соқтығысуы салдарынан жеті адам қаза тапқан Переславль-Залесский маңындағы өткелдің диспетчері мас болған», – деп хабарлады Ярославль облысының губернаторы Михаил Евраев.
Оқиға салдарынан жеті адам қаза тапқан. Қазір қайғылы оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!