Фото: costablancapeople.com
McDonald’s акциялары компанияның өнімдерінен ішек таяқшасы табылғаны жөнінде мәліметтерден кейін бірден 7%-ға төмендеді, деп хабарлайды Qaz365.kz американдық CNBC телеарнасына сілтеме жасап.
Бұған дейін ауруларды бақылау және алдын алу орталығы (CDC) McDonald’s мейрамханалар желісіндегі quater Pounder гамбургерлерімен байланысты осындай мәліметтерді жариялаған. Соның салдарынан 10 адам ауруханаға жатқызылып, біреуі қайтыс болған.
27 қыркүйектен 11 қазанға дейін 10 штатта 49 жағдай тіркелді, олардың көпшілігі Колорадо мен Небраскада. CDC мәліметтері бойынша, зардап шеккендердің көпшілігі «Квотер Паундер» гамбургерін жеген. Науқастардың бірінің денсаулығындағы ақау ауыр түде асқынып, гемолитикалық-уремиялық синдромға шалдықса, ал Коларадода егде жастағы ер адам осы инфекциядан қайтыс болған.
Тергеудің алдын-ала нәтижелері аурудың «Квотер Паундер» рецептінде қолданылатын туралған пиязбен байланысын көрсетеді. Корпорация бұл ингредиентті жеткізуді тоқтатты және мейрамхана қызметкерлеріне мәзірден туралған пиязды алып тастауды тапсырды.
АҚШ-тағы McDonald’s президенті Джо Эрлингер мәзірдегі басқа позициялар инфекцияны жұқтырмағанын растады. Компания толық ассортиментті қалпына келтіру үшін белсенді жұмыс істеп жатқанына сендірді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!