Фото: ВВС

Биыл Меккедегі қажылық кезінде кем дегенде 922 адам қаза тапты. Нақты тіркелмеген де өлімдер болуы мүмкін. Осы тұста мамандар биылғы қажылықта өлімнің не себептен көбейгенін анықтап көрді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Қажылық – бұл жыл сайын миллиондаған мұсылмандар қатысатын үлкен шара. Сауд Арабиясы билігі биыл қажылыққа барлығы 1,83 миллионға жуық адамның қатысқанын, оның ішінде 1,6 миллионнан астамы шетелден келгенін мәлімдеді.

Алайда биыл қажылықта өлімнің көбеюіне қандай факторлар себеп болды?

Аптап ыстық : Меккеде  қажылық кезінде цельсий бағаны 51 градустан асқан.

Түнде температура кейде 40 градустан төмен түскен. Осы орайда көптеген қажылар, әсіресе қарттар немесе науқастар, көлеңкесі жоқ ашық жерлерде аптап ыстық атсында көп жүріп, қиындықтарға тап болған.  Ал кейбір қажылыққа тиісті рұқсатсыз, заңсыз келгендер қиналғанда медициналық көмекке жүгіне алмаған. 

Билік қозғалыс бойына «салқындату станцияларын» ұйымдастырып, қажыларға су дайыдаған. Бірақ мұндай ыстық көптеген адамдарды өлімге әкелді. Ғалымдар климаттың өзгеруі жағдайды одан да нашарлатуы мүмкін екенін ескертеді.

«Мен құдайдың рақымымен ғана аман қалдым, өйткені ол жақ өте ыстық болды», – деді Нигериялық қажы Айша Идрис.

Халық көп, санитарлық норма жоқ

Биылғы жылы көптеген қажылар халықтың көптігі мен санитарлық мәселелерге шағымданған. Олардың шатырлары адамға толы болған. Салқындату жүйелері мен жуынатын орын болмаған. Адамдардың көптігіне байланысты кейбір жандар ыстықтан есінен танып құлаған.

Көлікпен қозғалыс мәселесі туындады

Биыл қажылық кезінде көлікпен жүру мүмкіндігі де азайған. Сол себепті көп адам күн сәулесінің астында ұзақ жаяу жүрген. Оларға жол кедергілеріне қарамастан жеті шақырым көлеңкесіз сусыз жүруге тура келген. Басқа қажылар лагерьлердің толып кетуіне және шектеулі жағдайларға шағымданды.

Меккедегі қажылық: Не себепті биыл қажылыққа барған адамдардың өлімі көбейді
Фото: ВВС

Медициналық көмектің кешігуі

Кейбір қажылар қажылық кезінде медициналық көмектің кешігуі мен жетіспеушілігіне шағымданды. Амина клаустрофобиямен ауыратын досы жарты сағатқа жуық жедел жәрдем күткенін айтады. Алайда келген дәрігерлердің өзі науқастың жағдайына әрең назар аударған. Алайда Сауд Арабиясы билігі қажылардың денсаулығын сақтау үшін ресурстар жеткілікті болды деп мәлімдейді: 190-ға жуық медициналық мекемелер, мыңдаған медицина қызметкерлері және жүздеген жедел жәрдем көліктері жұмыс істеген. 

Құжатсыз, заңсыз келген қажылар

Тиісті визасыз қажылыққа қатысу өте қауіпті. Ресми құжаттары жоқ қажылар билікпен байланыста болудан қашып жүреді. Бұл адамдар қозғалысы мен медициналық көмек көрсетуді қиындатады. Сауд Арабиясының билігі заңсыз қатысушыларды анықтау үшін ресми қажыларға арнайы рұқсат карталарын енгізуде.

Меккедегі қажылық: Не себепті биыл қажылыққа барған адамдардың өлімі көбейдіФото: ВВС

Жасы келгендер мен ауыратын қажылыққа келген адамдар

Көптеген қарттар, әлсіздер немесе науқас адамдар өмірінің соңында қажылық жасайды. Олар жылдар бойы бұл рәсімді кейінге қалдырып келген. Сол себепті осы қасиетті сапар кезінде өлуді де армандайтындар бар. Бангладештің мұсылман қауымдастығында қажылық кезіндегі өлім үлкен сәттілік болып саналады. Өйткені бұл қайтыс болған адамға ерекше мәртебе береді. Қажылық кезіндегі өлім-жітімнің жоғары себептерінің бірі осы. Соңғы екі жылда 200-ге жуық адам жерленген. Сауд Арабиясындағы әл-Баки зиратын аңыз бойынша Мұхаммед пайғамбар салғанықтан мұнда көптеген мұсылмандар жерленуді қалайды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!