Бірлестік картада Мексика шығанағын «Америка шығанағы» деп көрсеткен, деп жазады inbusiness.kz сайты The Guardian басылымына сілтеме жасап.
Аталған мәселеге қатысты Мексика Президенті Клаудия Шейнбаум: «Бұл ел егемендегіне нұқсан келтіреді», – деп мәлімдеді.
Сондықтан Google-ға қарсы сотқа шағым түсірілгенін айтты. Мексика шығанағы АҚШ-тың оңтүстігінде және Мексиканың шығысында орналасқан. Бұл атау XVI ғасырдан бері қолданылып келеді.
«Осы себепті Google бұл аумақты өз атауымен белгілеуге тиіс», – дейді Мексика басшысы.
Президент Клаудия Шейнбаум АҚШ заңгерлері есімді өзгертуге дауыс бергеннен кейін сотқа шағым түскенін айтты.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!