Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сербия президентң Александр Вучичті Сербияның Мемлекеттілік күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорда жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Қазақстан Президенті жеделхатында Сербияны Балқан түбегіндегі дамуы тұрақты, инфрақұрылымы өркендеген әрі мәдени мұрасы бай ел ретінде атап өтті.

Мемлекет басшысы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады. Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Александр Вучичке жылы лебізін жеткізіп, серб халқының өсіп-өркендей беруіне тілектестігін білдірді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!