Владимир Путинді өз президентім деп атаған Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарымен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті айналысып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазТаг сайтына сілтеме жасап.

«Бұл ақпарат Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҰҚК-не жіберілді», – делінген облыстық полиция департаменті ұсынған ақпаратта.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Петропавлда тұратын 18-ге толмаған екі қыздың видеосы тараған.

Олар Петропавлды ежелден орыстың жері екенін айтады. Сондай-ақ қыздардан сайлауда кімге дауыс беретіні сұрағанда, олар Тоқаев үшін емес Путин үшін дауыс беретіндерін жеткізген.

Сондай-ақ, қыздардың бейнежазбада айтқан сөзінше, олардың достары – қазақстандықтар Ресей жағында Украинаға қарсы соғысып жатыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!