Sputnik. Германияның бұрынғы канцлері Ангела Меркель Украинадағы қақтығыс дипломатиялық жолмен шешілуі керек деп мәлімдеді. Ол бұл туралы Шверин қаласында өткен іс-шарада айтты, деп жазды немістің Die Zeit газеті.
«Диалогсыз бұл соғыс аяқталмайтыны сөзсіз. <…> Біз «қырғи-қабақ соғыстан» осылай аман қалдық», – деді ол.
Меркельдің пікірінше, қырғи-қабақ соғыс тәжірибесі қақтығыстың өршуін тежеуші әсерді күшейтуге және бір уақытта барлық тараппен дипломатиялық байланысты сақтауға көмектесуі мүмкін.
«Мен Ресеймен байланыс орнатуымыз керек деп ойлаймын», – деп атап өтті ол.
Меркель наурыз айында Berliner Zeitung газетіне берген сұхбатында Ресейді АҚШ президенті Дональд Трампты таңдандыратын қуатты ел деп атады.
Кеше Франс Пресс Елисей сарайына сілтеме жасап, Франция президенті Эммануэль Макрон Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөзді жалғастыруға ниетті екенін хабарлады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!