фото: eadaily.com

Ұлыбританияның құқық қорғау органдары елдің теміржол министрі Питер Хендиге көлік жүргізу кезінде ұялы телефон пайдаланғаны үшін тергеу ісін бастауы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ. Бұл туралы британиялық The Times газеті министрдің баспасөз хатшысына сілтеме жасап жазды.

Өткен айда (Темір жол министрі – ред.) Питер Хенди көлік жүргізіп келе жатып телефон пайдаланған. Ол қателігі үшін толық кешірім сұрап, полицияға өзі хабарласты, – деп келтіреді басылым министрдің баспасөз хатшысының сөзін.

Times газетінің хабарлауынша, теміржол министрі Питер Хендидің телефон пайдаланғанын автобус жолаушысы байқаған. Хендидің кешірім сұрағанына қарамастан, жолаушы полицияға хабарласқан, бірақ құқық қорғау органдары бастапқыда одан әрі тергеу үшін дәлелдер жеткіліксіз екенін айтты. Осыдан кейін министрдің өзі тәртіп бұзушылық фактісін полицияға растады.

Ол (бұл – ред.) қылмыстық жазаға тартылуы және министрлік стандарттары қайта қаралуы ықтимал, – деп толықтырады басылым.

Басылым атап өткендей, көлік жүргізу кезінде ұялы телефонды пайдалану жүргізушінің жазбасына алты айыппұл ұпайын (жүргізуші куәлігін жоғалту үшін үш жыл ішінде 12 ұпай қажет), сондай-ақ 200 фунт стерлинг (шамамен 21,7 мың рубль) көлемінде айыппұл салуға әкеп соғады. Кейбір жағдайларда көлік жүргізуге тыйым салу және 2,5 мың фунт стерлингке дейін (шамамен 272 мың рубль) айыппұл салуға әкелетіні атап өтілген.

Газеттің хабарлауынша, Хендидің көлік жүргізуіне тыйым салынуы екіталай, өйткені оның айыппұл ұпайлары аз.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!