Фото: Reuters
KAZINFORM – Борттағылардың көпшілігі тырысқақ індеті туралы жалған ақпарат тарағанда дүрбелең шығып, материкті тастап кетуге ұмтылғандар, деп жазады Aljazeera.
Шенеуніктердің хабарлауынша, Мозамбиктің солтүстік жағалауында паром аударылып, кем дегенде 94 адам, соның ішінде балалар қаза тауып, 26 адам із-түзсіз жоғалған.
«Кемеге шамадан тыс адам мінген және ол балық аулау кемесі, адамдарды тасымалдауға лицензиясы жоқ», – деп хабарлады елдің Теңіз көлігі институтының (INTRASMAR) әкімшісі Лоренсо Мачадо дүйсенбіде мемлекеттік теледидарда.
«Жексенбі күні біз 130 адам мінген баржа аударылып, кем дегенде 94 адам қаза тапқан теңіз оқиғасын тіркедік. 94 мәйітті таптық, 26-сы із-түзсіз жоғалды», – деді ол.
Қайық Нампула провинциясындағы Лунгадан Мозамбик аралына адамдарды тасымалдап жатқан. Бастапқы мәліметтерге сәйкес, кеменің аударылуына толқыны себеп болған.
Нампула мемлекеттік хатшысы Хайме Нетоның айтуынша, борттағылардың көпшілігі тырысқақ індеті туралы жалған ақпараттан туындаған дүрбелеңге байланысты материктен кетуге әрекеттенген.
Оңтүстік Африка – әлемдегі ең кедей елдердің бірі, үкімет мәліметтеріне сәйкес, қазан айынан бері су арқылы жұғатын аурулардың 15 000-ға жуық жағдайы тіркелген және 32 адам қайтыс болған.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!