KAZINFORM — Сәрсенбі күні Елисей сарайында Қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс отырысы өтіп, онда Франция президенті Э.Макронға «Мұсылман бауырлар» қозғалысының (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) қызметі туралы есеп ұсынылды, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Франция президенті Эммануэль Макрон Қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік кеңесінің отырысын «республикалық институттарға исламшыл ұйымдардың „әсеріне“ қарсы тұруға» шақырды. Бұл туралы Францияның халықаралық радиосы хабарлады.

Француз шенеуніктері ұлттық бірлікке қауіп төндіретін «Мұсылман бауырлар» қозғалысының (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) қызметіне назар аударды. Өз кезегінде тіркелген ұйым тағылған айыптарды жоққа шығарып, үкімет әрекетін «исламофобия» деп айыптады.

Француз Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы Э.Макронның 2017 жылы терроризммен және радикалды исламмен күресу оның президенттігінің басым бағыттарының бірі болып жарияланған кезде басталған саясатының жалғасы болды, деп баса айтты Елисей сарайы.

— Президент Макрон 2017 жылы қызметіне кіріскен кезде қоғамдық пікірде екі тақырып басым болды: жұмыссыздық және терроризм, — деп еске алды Елисей сарайындағы RFI дереккөзі.

Э.Макронның президент ретіндегі алғашқы қадамдарының бірі төтенше жағдай режимін ұзарту, содан кейін Ішкі қауіпсіздік және терроризмге қарсы заң (SILT) қабылдау болды. Бұл шаралар бюджетті көбейтумен және барлау қызметтерін күшейтумен қатар жүрді.

Қауіпсіздік кеңесіне дайындық барысында «Мұсылман бауырлар» ұйымына қатысты зерттеулерге жауаптылар 200-ден астам сұхбат жүргізіп, Францияның 10 департаменті мен 4 елдің бөлімдерінде болды», — деп атап өтті дереккөз.

«Мұсылман бауырлар» қозғалысы Франция аумағына енуде белсенді қарқын көрсетіп отыр, деп хабарлады президент әкімшілігінің өкілі. Оның айтуынша, оқшаулану мен анклавтар құруды көздейтін сепаратизмнен айырмашылығы, «Мұсылман бауырлар» қозғалысының стратегиясы мемлекеттік құрылымдарға енуге бағытталған: «Керісінше, бұл өздерін оқшауландырмай, билікті, атап айтқанда, муниципалитеттерді жаулап алу үшін жасырыну қисынының көрінісі.

— Оларлың түпкілікті мақсаты — бүкіл француз қоғамын шариғатқа көшіру, — деді Францияның ішкі істер министрі Бруно Ретайло, — бұл қабылданбайды, өйткені бұл Франция Республикасының қағидаттары мен ұлттық бірлік мақсаттарымен мүлдем сәйкес келмейді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!