фото: baq.kz

NASA-ның Crew-10 миссиясының төрт ғарышкері Халықаралық ғарыш станциясынан SpaceX Dragon кемесімен ұшып шығып, Жерге қайту сапарын бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

АҚШ астронавттары Энн Макклейн мен Николь Айерс, жапондық Такуя Ониси және ресейлік ғарышкер Кирилл Песков сенбі күні Гринвич уақыты бойынша 15:33-те (UTC) Калифорния жағалауындағы Тынық мұхитына қонады деп күтілуде.

NASA мәліметінше, 146 күндік ғарыш сапарында экипаж мүшелері 200-ден астам ғылыми-зерттеу тәжірибесін жүргізді. Олардың қатарында өсімдіктердің өсуін зерттеу және микрогравитация жағдайында жасушалардың мінез-құлқын бақылау жұмыстары бар.

Еске салайық, 2025 жылғы 16 наурызда, ұшқаннан бір тәуліктен сәл асқан уақытта, SpaceX капсуласы Халықаралық ғарыш станциясына жетіп, NASA-ның қалып қойған екі ғарышкерін алмастырды. Бутч Уилмор мен Суни Уильямстың орнына АҚШ, Жапония және Ресейден келген төрт жаңа ғарышкер қызметке кіріскен еді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!