Фото: Sputnik / Алексей Витвицкий

Sputnik. Болгария Вашингтонда өтетін НАТО саммитінде Ресей мен Украина арасындағы бейбіт келіссөздерді бастауға ұсыныс жасайды. Бұл туралы осы елдің премьер-министрінің міндетін атқарушы Димитар Главчев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Novinite агенттігіне сілтеме жасап.

«Біз Болгария делдал болатын бейбіт келіссөздерді қолдауымыз қажет. Соған шын көңілмен сенемін. Бұдан артық не істеуге болады? Мен осыны бәріне ұсынамын, онда ешқандай проблема жоқ», – дейді Главчев.

Алайда ол Софияны делдал ретінде қабылдай қоятынына күмәнмен қарайтынын жасырмады.

Болгария президенті Румен Радев бұған дейін Украинада осы қақтығыста өз мақсатына жететіндей ресурс қалмағанын мәлімдеді. Оның айтуынша, әскери қақтығысты тоқтатудың екі-ақ жолы бар. Олар – бейбіт келіссөз және НАТО елдерінің Киевке қосымша ресурстар ұсынуы.

Вашингтондағы НАТО саммиті 9-11 шілде күндері өтеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!