Sputnik. АҚШ президенті Джо Байден халықпен қоштасу сөзінде НАТО-ны нығайтып, Украинаның бостандығын сақтай алғанын айтты, деп хабарлады РИА Новости.

“Шетелде біз НАТО-ны нығайттық, ал Украина еркін болып қала берді”, – деді ол Ақ үйде сөйлеген сөзінде Американың басқарған кездегі өзінің жетістіктерін тізбелеп.

Джо Байден АҚШ-та жалған ақпарат көп таралып датқанына алаңдаушылық білдірді.

“Америкалықтар билікті теріс пайдалануды күшейтетін жалған ақпарат легінде кетіп барады. Еркін бұқаралық ақпарат құралдары құлдырап жатыр. Әлеуметтік желі ақпараттың шын-өтірігін тексеруден бас тартып, билік пен пайда үшін шындықты бүркемелеп жатыр”, – деді ол.

Байден “балаларды, отбасыларды және демократияны қорғау” үшін америкалықтар әлеуметтік платформаларды жауапкершілікке шақыруға міндетті екенін айтты.

Дегенмен, Байден өз сөзінде Ресейге қатысты бірде-бір мәлімдеме айтпады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!