KAZINFORM — Infratest dimap зерттеу институты жүргізген сауалнамаға сәйкес Германия тұрғындарының 50%-ы ғана қоғамдық орындарда өздерін қауіпсіз сезінеді, деп хабарлайды ТАСС.
Деректерге сүйенсек, респонденттердің тек 50 пайызы ғана көшеде, саябақтарда, қоғамдық көлікте немесе басқа да қоғамдық орындарда өзін қауіпсіз сезінеді. Бұл ақпан айындағы көрсеткіштен 5% төмен. Ал сауалнамаға қатысқандардың 48%-ы қоғамдық орындарды белгілі бір дәрежеде қауіпті деп санайды.
Сонымен қатар әлеуметтанушылар ерлердің 56%-ы, ал әйелдердің 45%-ы өзін қауіпсіздікте сезінетінін анықтады. 2017 жылы өзін қауіпсіз сезінетін немістердің үлесі 75% болған.
Сауалнама 3-5 қараша аралығында жүргізіліп, оған 1300 адам қатысты.
Қоғамдық қауіпсіздік Германия саясатындағы басты бағыт саналады, оған канцлер Фридрих Мерцтің (CDU) көші-қон туралы мәлімдемелері мысал бола алады. 14 қазанда Мерц Германия билігі көші-қон саясатындағы бұрынғы қателіктерді түзетіп жатқанын және «миграция мәселесін шешуде айтарлықтай жетістіктерге жеткенін» айтқан еді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
