Фото: CNN
Нигерияда су тасқынынан соң Борно штатындағы түрмеден кем дегенде 274 сотталушы қашып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
СNN агенттігі таратқан мәліметке сәйкес, су тасқыны күшейтілген режимде жұмыс істейтін Майдугури түзету мекемесін, сондай-ақ қаладағы тұрғын үйлерді бұзып өткен.
Нигерия түзету қызметі 281 жазасын өтеуші оларды «қауіпсіз әрі сенімді жерге» көшіру кезінде қашып кеткенін айтты. Кейіннен олардың жетеуі ұсталған.
Қауіпсіздік қызметі биометриялық деректер арқылы қашып кеткендердің түр-тұлғасын анықтап, ақпаратты дереу таратқан.
Қазіргі уақытта қалған қашып кеткендер іздестіріліп жатыр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!