KAZINFORM – Бұл бастама Манхэттеннің көлік көп жүретін бөлігіндегі кептелісті азайтуға бағытталған, деп хабарлайды ABC7NY.

Қалалық көлік басқармасы (MTA) негізгі тарифті 60-шы көшеден оңтүстік бағытқа қарай 9 доллар құрайтын бағдарламаны іске қосты.

Жаңа ережеге сәйкес, ең жоғары кезеңдегі жол жүру ақысы жұмыс күндері сағат 05:00-ден 21:00-ге дейін және демалыс күндері 09:00-ден 21:00-ге дейін қолданылады. Түнгі жол ақысы барлық жүргізуші үшін 75%-ға төмендейді.

Автокөліктер мен шағын коммерциялық көліктерге (седан, жол талғамайтын көліктер, пикап және шағын фургондар) ақы қарбалас уақытта 9$, түнде 2,25$ болады. Мотоциклдер үшін 4,50$ және түнде 1,05 $. Көрсетілген көліктерден күніне бір рет қана ақы алынады.

Шағын жүк көліктері мен кейбір автобустар күндіз 14,40 доллар, түнде 3,60 доллар төлейді. Үлкен жүк көліктері мен туристік автобустар шарықтау кезінде 21,60 доллар, түнде 5,40 доллар төлейді. Алайда, кейбір жүк көліктері мен автобустар қала орталығында жол ақысын төлеуден босатылады деген ескерту бар.

Жаңадан сайланған президент Дональд Трамп қызметіне кірісе салысымен, губернатордың жоспарын тоқтататынын айтып, кептелістердің бағасына ашық қарсы шыққан болатын.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!