KAZINFORM – АҚШ-тың Нью-Йорк қаласының Бруклин ауданындағы түнгі клубта атыс болды, деп хабарлайды АЗЕРТАДЖ ақпарат агенттігі.
Агенттіктің хабарлауынша, Нью-Йорк полиция басқармасы таратқан ақпаратқа сәйкес, оқиға салдарынан 3 адам мерт болып, тағы 8 адам жарақат алды.
Полиция бірнеше адамның оқ атқанын, бірақ әлі ешкім жауапқа тартылмағанын хабарлады.
Оқиғаның егжей-тегжейі анықталып жатыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Нью-Йорк қаласының Манхэттен орталығындағы зәулім ғимаратта белгісіз адам автомат қаруынан оқ жаудырғанын жазған едік.
CBS News телеарнасының мәліметінше, атыс кезінде бір полицей мен оның әріптесі қаза тапқан, ал екі бейбіт тұрғын ауыр жараланған. Ал CNN және Fox News телеарналарының хабарлауынша, кемінде бес адам көз жұмған, олардың арасында шабуылдаушының өзі де бар болатын.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!