Фото: NewsFlash
Қытайлық 31 жастағы турист демалыс кезінде Индонезиядағы белсенді Иджен жанартауының кратеріне құлап қаза болды. Оқиға күйеуінің көзінше болған, – деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, ерлі-зайыпты туристік топ құрамында таңның атуын тамашалау және Ижен кратеріндегі танымал қышқыл көлді көру үшін таудың басына шыққан.
Туристер әдеттегідей кратердің шетінде естелік суретке түсе бастаған. Қытайдан келген қонақ та суретке түсуді жөн көреді. Суретке түсіп жатқан кезде ол өз көйлегіне шалынып, 75 метр биіктен құзға құлап кеткен.
Қайғылы оқиға орнына келген арнайы қызмет қызметкерлері әйелдің денесін су бетіне шығаруға екі сағаттан аса уақыт жұмсаған.
Марқұмның денесі Бали аралына жеткізіліп, одан кейін Қытайға жөнелтілетіні хабарланды.
Шығыс Явадағы Иджен жанартау кешені 20 километр радиуста орналасқан 10-нан аса жанартаулық нысандардан тұрады. Мұнда әлемдегі ең үлкен қышқыл қоймасы болып табылатын Кава Иджен қышқыл көлі орналасқан.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!