CNN Travel туристік порталы өзбек нанын әлемдегі ең дәмді 50 нанның қатарына қосты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
Басылымның мәліметінше, дәстүрлі өзбек наны тек ерекше дәмімен ғана емес, сонымен қатар қайталанбас сыртқы пішінімен де ерекшеленеді.
Нанның беті өрнектермен және арнайы таңбалармен безендіріліп, кейін тандыр пештерде пісіріледі.
Мақалада нанның рецепті мен құрылымы аймақтарға қарай өзгеретәні де айтылған. Ташкентте көбінесе жұмсақ әрі созылмалы нан пісірілсе, Самарқандта тығыз және қытырлақ түрлері көбірек таралады.
Өзбек нанының қоса тізімге француз багеті, орыс каравайы және армян лавашы да енген.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!