KAZINFORM – Пәкістанның премьер-министрі Шахбаз Шариф Өзбекстанға ресми сапармен келді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.
Сапар аясында Шахбаз Шариф Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен келіссөз жүргізді. Оның барысында тараптар екі ел арасындағы жан-жақты байланыстарды жаңа деңгейге шығару мүмкіндіктерін талқылады.
Былтыр Өзбекстан мен Пәкістан арасындағы тауар айналымы 400 млн доллардан асты. Тараптар оның көлемін алдағы уақытта 2 млрд долларға жеткізуге уағдаласты. Сонымен қатар, бірлескен көлік-логистикалық компания құруға келісті.
Келіссөз қорытындысы бойынша бірнеше құжат қабылданды. Оның ішінде Өзбекстан президенті мен Пәкістанның премьер-министрі стратегиялық серіктестік кеңесін құру туралы бірлескен декларацияға қол қойды.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан мен Пәкістан көлік-логистика саласындағы өзара іс-қимылды арттыруға ниетті екенін жазып едік.
Сондай-ақ, Әзербайжан Пәкістанмен қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі, тиісінше осы елге $2 млрд инвестиция бағыттамақ.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!