Фото: Өзбекстан премьер-министрі Telegram арнасы

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің тапсырмасы бойынша Қазақстанға су тасқынынан зардап шеккен аудандардың тұрғындары үшін гуманитарлық көмек тиілген 15 жүк көлігі жіберілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Көмектің жіберілгені туралы Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Ариповтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

15 жүк көлік су тасқынан зардап шеккен қазақстандықтарға қажетті өнімдерді апарады. Атап айтқанда: азық-түлік, балалар мен ересектерге арналған киім-кешек, матрацтар, көрпелер, жастықтар, гигиеналық құралдар, арнайы жабдықтары бар шатырлар, резеңке қайық жинақтары және басқа да қажетті керек-жарақтар бар.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!