Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Ресей арналарының бірінде саясаттанушының Қазақстан туралы мәлімдемелеріне түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандық журналист Әділ Балтабаев Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтан «Россия 1″ арнасы Владимир Соловьевпен кеш» бағдарламасында айтылған мәлімдемелер Кремльдің ұстанымымен қаншалықты сәйкес келетінін сұрады. 

«…Бұл саясаттанушылар үкіметтің ресми ұстанымын көрсетпейді, Кремльдің ресми ұстанымының да көрсеткіші емес. Оларды тыңдаудың да, қараудың да қажеті жоқ», – деді Песков.

Песковтың айтуынша, олардың ресми билікке қатысы жоқ.
«Мен тіпті ол саясаттанушыны да танымаймын. Қазақстанға қатысты орынсыз мәлімдемелерге жасайтын саясаттанушылар да, Қазақстанда Ресейге сын көзбен қарайтын саясаттанушылар да бар. Бірақ бұл біздің екі жақты қарым-қатынасымызға көлеңке түсірмеуі тиіс және ол ресми биліктің позициясына да сай емес, – деп қосты Путиннің өкілі.

Бұған дейін сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Қазақстанды «Украинадан кейінгі келесі мәселе«деп атаған сарапшының телеарнадағы мәлімдемелерін айыптады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!