Фото: instagram.com/sukyeol.yoon

Корея Республикасының президенті Юн Сок Ёль Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордағғ сілтеме жасап.

«Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен биылғы 11-13 маусым күндері Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёль Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді», – делінген хабарламада.

Екі ел басшылары келіссөз жүргізеді және қазақ-корей бизнес-форумына қатысады деп жоспарланып отыр. Сапар аясында бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!