Оңтүстік Кореяның Пусан әуежайында Гонконгқа ұшуға дайындалып жатқан Air Busan ұшағы өртеніп кетті. Бұл ткралы Yonhap агенттігі жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпаратқа сәйкес, ұшақ бортында 176 адам болған. Барлық 169 жолаушы мен 7 экипаж мүшелері үрлемелі баспалдақтармен уақытында эвакуацияланды. Өртсөндірушілердің хабарлауынша, эвакуация кезінде үш адам жеңіл жарақат алған.

«2025 жылдың 28 қаңтарында шамамен 22:30 (Баку уақытымен 17:30) Кимхэ әуежайында Гонконгқа бағыт алған Air Busan ұшағы отқа оранды. Осыған байланысты 170-тен астам жолаушы ұшақты шұғыл түрде тастап шықты. Қайғылы оқиға болған жоқ», — деп хабарлады агенттік.

Төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, өрт ұшуға бірнеше минут қалғанда ұшақтың артқы жағында басталып, оның фюзеляжына тез таралды. Борт толығымен жанып кетті.

Ақпаратқа сәйкес, өрт сөндірушілер оқиға орнына дабыл алғаннан кейін бірден жеткен.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!