Видеода “Орал мен Батыс Қазақстанның аумағын Ресейге беру қажет” деген үш адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Уральская неделя” газетіне сүйене отырып. 

Іс Қылмыстық кодекстегі 174-баптың 2-бөліміне (“Әлеуметтік, ұлттық, тектік, нәсілдік, таптық не діни араздық туғызу”) сай қозғалған. 

“Іске қатыстылар кім екені анықталды, қажет тергеу амалдары жүріп жатыр. Тергеуге кедергі болмасын деп толық ақпарат бере алмаймыз”, – дейді БҚО полиция басқармасы. 

Егер күдіктілердің кінәсі дәлелденсе, олар бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Еске салайық, күдікке ілінген үш Қазақстан азаматы (біреуі кәмелет жасына толмаған) чат-рулеткада шетел азаматымен тілдесіп отырғанда “Ресей Қазақстанға басып кірер болса, орыс әскерін қолдайтынын” айтқан еді. 29 қарашада видео TikTolk-та тарап кетті. 30 қарашада олар айтқаны сөзі үшін кешірім сұрады.   

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!