Орыс православие шіркеуі Қазақстандағы православие шіркеуінің атауын өзгертуді талап етті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.
Олар бұл талапты шіркеу құрылымының Мәскеу патриархатына бағынышты екендігімен түсіндіріп отыр. Айтуларынша, еліміздегі шіркеу атауында міндетті түрде «Орыс православие шіркеуі» немесе «Мәскеу патриархаты»
деген тіркестер болуы тиіс.
«Егер канондық құрылымдардың атауында аталған тіркестер көрсетілмесе, онда оларды осы шешімге сай өзгерту қажет»,—делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта Қазақстандағы православ шіркеуі сайтында «Қазақстан Республикасындағы митрополиялық округ» деп жазылған.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!