Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев Сирияда 30-дан астам қазақстандық барын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Дәурен Абаевтың айтуынша, Сирияда жүрген қазақстандықтардың елге қайту ниеті жоқ.
«30-дан астам қазақстандық Сириядағы жекелеген топтардың құрамында жүр. Олардың басым бөлігінің отанына қайтып оралуға ниеті жоқ. Кейбірі Сирия азаматтығын алып, сол жерде тұрақты қалуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар 10-нан астам отандасымыз Сириядағы күрд жасақтары бақылауындағы Әл-Холь және Родж лагерьлерінде жатыр. Олар да өз еліне қайтпайды», – деді елші.
Сондай-ақ ол бұл мәселе Қазақстанның арнайы қызметінің ерекше бақылауында екенін айтты.
«Сирияда соғысқан содырлардың елге оралуына байланысты алаңдауға негіз жоқ… Бұл мәселе Сириядан біздің азаматтарды қадағалау, қайтару және экстрадициялауда практикалық тәжірибесі мол Қазақстан арнайы қызметінің ерекше бақылауында, Сондықтан Қазақстанға оралғандардың деструктивті әрекеттері болуынан еш қауіп жоқ», – деді Абаев.
Оның айтуынша, содырлардың Сириядан елге оралуы оқшау жағдай және биліктің бақылауында.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!