Пәкістанмен шекарада болған қақтығыстар салдарынан кем дегенде 133 ауған әскері қаза тауып, 200-ден астам адам жарақат алды. Бұл туралы Пәкістанның Ақпарат министрі Аттаулла Тарар мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Министрдің мәліметінше, Пәкістан армиясы Ауғанстан Қарулы күштерінің 27 жол тосқауылын жойып, тағы 9 бекетті бақылауға алған. Танктер, артиллерия және бронетранспортерлерді қоса алғанда, 80-нен астам әскери техника зардап шеккен.

Сонымен қатар, Кабул, Пактия және Кандагардағы ауған талибандарының қорғаныс позицияларына соққы берілген. Ведомство басшысы құрбандар саны әлі де өсуі мүмкін екенін ескертті.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!