Пәкістанда кепілге алынғандар пойыздан босатылып, 50-ден астам шабуылдаушы өлтірілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
11 наурызда Пәкістанда «Белуджистанды азат ету» тобы 400 адам отырған пойызды атқылаған еді. Олар пойызда отырған жолаушыларды кепілге алып, талаптары орындалмаса, адамдарды өлтіретіндерін мәлімдеді.
Кейін кепілге алынған 350-дей адам құтқарылды, тағы 27 адам сепаратистер қолынан қаза тапқан. Құтқару операциясы кезінде кем дегенде 50 шақты содырдың көзі жойылды деп айтылды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!