Пәкістанның солтүстік-батысында тасқыннан 45 адам қаза тапты,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

24kz-тің мәліметінше, құрбандар арасында 10 бала бар. Оларға үйлердің қабырғасы мен шатыры құлап кеткен.

Аймақта жүздеген ғимарат су астында қалған, көпірлер мен жолдар қирады. Тұрғындар қауіпсіз жаққа көшіріліп жатыр. Пәкістанда өткен аптада жауын-шашын маусымы басталды.

Жыл сайын 240 миллион тұрғын қолайсыз күн райының зардабын тартады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!