Фото: aa.com.tr
Соңғы екі айда Пәкістанда жауған муссон жаңбыры салдарынан 293 адам қаза тауып, тағы 564 адам жарақат алды, деп хабарлайды KAZINFORM ақпараттық агенттігі Синхуаға сілтеме жасап.
Толассыз жауған жаңбыр елдің кейбір аймақтарында үлкен шығынға әкеп соқты. Бұл туралы елдің Төтенше жағдайларды жою жөніндегі ұлттық басқармасы хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, толассыз жауған жаңбыр бүкіл ел бойынша 19 572 үйді, 39 көпірді және бірнеше мектепті ішінара немесе толық зақымдады.
Сондай-ақ 1 шілде мен 31 тамыз аралығында 1077-ге жуық мал қырылды.
Зардап шеккендер мен шығынның басым бөлігі елдің шығысындағы Пенжаб провинциясында тіркелді.
Онда 112 адам қаза тауып, 302 адам жарақат алды, одан кейін солтүстік-батыс Хайбер-Пахтунхва провинциясында 88 адам қаза тауып, 129 адам жараланды.
Алдағы күндері Пәкістанның кей жерлерінде жауын-шашынның тағы бір кезеңі болады деп болжанып отыр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!