Англияның бас санитарлық дәрігері профессор Крис Уитти шамамен 18 айдан кейін вакцинаның кең спектрі пайда болатынын мәлім етті. Коронавирусты емдеу тәсілі, атап айтқанда вирусқа қарсы препараттармен емдеу әдісі кеңінен қолданылады. Ол уақытқа дейін жаңа штаммға қатысты проблемалар шектеу қоюмен емес, медициналық дәрі-дәрмектермен шешіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

Уиттидің айтуынша, пандемияның бірінші кезеңінде әлеуметтік шектеулерге сүйенуге тура келді, өйткені ковидпен күресудің басқа әдістері болған жоқ. Қазір әлем пандемиямен күреске жаңа медициналық құралдарды тартып жатыр, атап айтқанда вакциналардың үдеткіш дозалары қосылуда Профессор Уитти қауіп-қатер «уақыт өте келе біртіндеп азаяды» деп санайды. Сондай-ақ, ол «Омикрон» нұсқасын жұқтырғандар саны бірден жоғарылауы мүмкін деп есептейді. «Омикронның» басқа штаммдармен салыстырғанда жеңіл өтетіні туралы пікірлердің қаншалықты әділ екендігі де белгісіз.



 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!