ДДСҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус COVID-19 пандемиясы әлі де күшейіп келе жатқанын және салдары ондаған жылға созылуы мүмкін екенін айтты.
Бұл туралы Гебрейесус ДДСҰ мен Ұлттар достастығы хатшылығы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою кезінде коронавирустың салдары аурудың өзінен де асып түсетіні жайлы сөз еткен.
«Бұл бүкіл әлемде экономикалық, әлеуметтік және медициналық теңсіздікке әкеп соқты. Пандемияның салдары ондаған жыл бойы, әсіресе, халықтың осал тобы арасында сақталады. Пандемия неғұрлым ұзаққа созылса, салдары да соғұрлым нашар болады», – деді Гебрейесус.
Сондай-ақ, ДДСҰ басшысы мемлекеттер вакцина салдырғандар үлесін арттыруға ұмтылуы тиіс екенін, 2022 жылдың ортасына қарай барлық елдегі халықтың кем дегенде 70 пайызы вакцина салдыруы қажет екенін айтты.
Оның айтуынша, қазір Ұлттар достастығына кіретін мемлекеттер халқының 42 пайызы ғана вакцинаның толық курсынан өткен. Африкада елдерінде вакцинаның орташа деңгейі тек 23 пайыз болады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!