Бразилияда джип парад кезінде жүргіншілерге соғылып, бірнеше адам жарақаттанған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі «Газета.ru»-ға сілтеме жасап.
Оқиға Бразилияның Бруски қаласында жексенбі күні болған. Әскери колоннаның артынан келе жатқан джип оқыс бұрылып, тротуарда тұрған көрермендерге соғылған.
Басылымның мәліметінше, зардап шеккендердің арасында 75 жастағы тұрғын бар. Оның жіліншік сүйегі сынып, омыртқасы да зақымданған. Әйел ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Сондай-ақ 37 жастағы әйел мен оның баласы да ауруханаға түсті. Дәрігерлер олардың жарақатын жеңіл деп бағалады, баланың жағдайы қанағаттанарлық. Бұған қоса, 14 жастағы қыз қолының ауырсынуына байланысты дәрігерге жүгінген. Бірақ ол амбулаторлық ем қабылдап, ауруханаға жатқызылмады.
Жергілікті билік барлық зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетілгенін хабарлады.
Айтуларынша, көлік әскерилерге де, қала әкімдігіне де тиесілі емес, ол автокөлік әуесқойларының жеке клубына тіркелген. Қазір оқиға бойынша тексеріс басталды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!