Фото: bbc.com
Полиция қызметкерлері түнде ел парламентіне сайлау аяқталған соң тәртіпсіздік пен бүлік шығарған 25 белсендіні ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Le Figaro басылымы наразылыққа шыққандар көшелерге бөгет қойып, өрт тұтатып, жандармдарға фейерверк атқан.
Полиция қызметкерлерінің жасағы көшелерді жауып, бүлікшілерге көзден жас шығаратын газ атқылауға мәжбүр болған.
Реннде жарияланбаған және тыйым салынған жиын кезінде 25 адам ұсталды, – делінген полицияның мәліметінде.
Сент-Анн алаңында антифашистік ұрандар айтылғаны белгілі болды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!