Фото: DoD/Lisa Ferdinando

Sputnik. Пентагонның болжауынша Ресейдің Курск аймағына Корея Халық Демократиялық Республикасының бірнеше мың сарбазы жіберілген, ал жалпы Ресейге 10 мыңға жуық солтүстіккореялық сарбаз аттанған, олардың көпшілігі Ресейдің шығысында оқу-жаттығудан өтіп жатқан көрінеді.

«Біз КХДР жалпы саны 10 000-ға жуық сарбазын Ресейдің шығысына оқу-жаттығуға жіберді және бұл әскер алдағы бірнеше аптада Украина маңындағы Ресей күшін нығайтуы мүмкін деп болжап отырмыз. Сарбаздардың бір бөлігі қазірдің өзінде Курск облысы жақтан Украина шекарасына жақын орналасты. Ресейдің Украинамен шекаралас аймағында бірнеше мың адам бар, ал одан аз бөлігі Курск облысына келді», – деді Пентагонның ресми өкілі Патрик Райдер сейсенбі күні брифингте.

Алайда ол өз сөзіне ешқандай дәлел келтірмеді және неліктен мұндай тұжырым жасағанын түсіндірмеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!