Түркиядағы демалыс аймағында қайғылы оқиға болған. Олардың қатарында Turkish Airlines әуе компаниясының сату бөлімінде қызмет атқарған Зехра Гюльтекин, оның күйеуі, төрт баласы және басқа да туыстары болғаны анықталған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы rg.ru-ға сілтеп.
Сәрсенбі күні марқұмдарды жерлеу рәсіміне Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған қатысты. Ол қайғыға батқан халықтың алдында көз жасына ерік берді.
“Біз жаралы болдық. Жүрегіміз отқа оранды. Қайтыс болғандардың туыстары мен халқымызға сабыр тілеймін”, – деді президент.
Марқұмдардың туысы Өзгүр Түркменнің айтуынша, отқа оранған қонақүйде қалған ағайынды бауырлар мен әпке-қарындастар көмек сұрап хабарласқан.
“Бізді құтқарыңдар! Ата-анамызға жете алмай жатырмыз. Мұнда өрт сөндірушілер жоқ,” – деп жантүршігерлік хабарлама жазған.
Алайда бірнеше сағат өткен соң олардың барлығы, ата-аналары мен туыстарымен бірге, қонақүйден өлі табылған.
Қайғылы оқиға Түркияның Стамбул қаласынан 270 шақырым қашықтықта орналасқан Grand Kartal тау шаңғысы курортындағы 12 қабатты қонақүйде орын алды. Өрт кезінде қонақүйде қысқы демалысқа келген туристер мен жұмысшылар болған. Өрттің тез таралуы қалың түтін мен қауіпсіздік жүйесінің жеткіліксіздігінен адамдардың қашуына мүмкіндік бермеген.
Кейбір тірі қалғандар қонақүйде өрт дабылының естілмегенін және өртке қарсы баспалдақтардың табылмағанын айтады. Түркия инженерлерінің кәсіподағы қонақүйдің ішіндегі суреттерден өртке қарсы жүйенің орнатылмағанын, оның көп жылдар бұрын орнатылуы тиіс болғанын мәлімдеді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!