Фото: Aqorda
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясы энергетика министрі Сергей Цивилевті қабылдады. Бұл кездесу екі ел басшыларының келісімі негізінде өтті, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Ақорда баспасөз қызметіне сілтеп.
Кездесу барысында министр Цивилев Ресей президенті Владимир Путиннің Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған жеке хатын табыс етті.
Мемлекет басшысы мен министр энергетика саласындағы әріптестіктің болашағын талқылады. Бұл сала – Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі болып саналады.
«Тараптар екіжақты энергетикалық жобаларды дамыту және стратегиялық серіктестікті тереңдету жолдарын қарастырды», – делінген Ақорда таратқан ақпаратта.
Еске сала кетейік, бұған дейін, 17 сәуірде, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің телефон арқылы сөйлескені хабарланған еді. Әңгіме барысында мемлекет басшылары қазақ-ресей қарым-қатынасының қарқынды дамуын атап өтіп, бұған дейінгі жоғары деңгейде жасалған келісімдердің жүзеге асырылу барысын талқылаған болатын.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!