Фото: Ақорда

Ресей Федерациясының Амур облысында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырауына байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Ресей Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда мәлім етті, деп хабарлайды KAZINFORM.

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Амур облысындағы ұшақ апатына байланысты Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айтты, — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бүгін таңда Амур облысында Ан-24 ұшағының құлаған жері анықталған болатын. 

Апатқа ұшыраған Ан-24 ұшағының сынықтары Тындадан 16 шақырым жердегі тау баурайынан табылғанын Амур азаматтық қорғаныс және өрт қауіпсіздігі орталығы мәлімдеген еді.

Амур облысында жоғалған Ан-24 жолаушылар ұшағы Тында әуежайына қонуға екінші айналымнан кейін байланысқа шықпай қойған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!