Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамп ақпанның аяғына дейін немесе одан кейін кездесуі мүмкін. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ресейлік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Песковтың айтуынша, Трамп пен Путин кездесуі үшін Ресей СІМ тарапынан белгілі бір дайындық қажет.

Сондай-ақ, ол АҚШ кімді тағайындайтынына байланысты Путин Ресей Федерациясынан Украина бойынша келіссөз жүргізушіні бекітетінін айтты.

«Алдымен америкалық тарап бізге Украина ісі бойынша басты келіссөз жүргізуші кім болатынын хабарлайды. Америкалық тарап өз адамын бергеннен кейін, ол кім болатынына байланысты біздің президент өзінің өкілі болатын адам туралы шешім қабылдайды», – деді Песков.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!