Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамптың айтуынша Ресей басшысы Владимир Путин оған Украинадағы қақтығысты реттеуге 10 жыл бойы тырысып кел жатқанын айтқан.
«Президент Путин. Мен онымен екі апта бұрын сөйлестім, ол «біз 10 жыл бойы соғысты тоқтатуға тырысып келеміз, бірақ қолымыздан келмеді» деп айтты, – деді Трамп Америка бизнес форумында сөйлеген сөзінде.
Америка президенті осы күнге дейін бірнеше қақтығысты тоқтатып үлгергенін, кейбірін бір сағат ішінде және «БҰҰ көмегінсіз» шешіп тастағанын атап өтті.
Путин мен Трамп 15 тамызда Аляскада өткен кездесуінде Украина қақтығысын шешу жолдарын талқылады. Екеуі де кездесуді оң бағалады.
Саммиттен кейін Ресей президенті Украинадағы қақтығысты тоқтатуға болатынын мәлімдеді және Ресейдің ұзақ мерзімді келісімге мүдделі екенін атап өтті.
Путин бұған дейін Украина дағдарысын біржола шешу үшін оның түпкі себептерін жою қажет екенін бірнеше рет қайталады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
