Күдіктілер Өзбекстан азаматтары, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.    

Қарағанды полициясына 27 жастағы Үндістан азаматы шағымданған.

Жәбірленушінің сөзінше, оны белгісіз біреулер күштеп автокөлікке отырғызып, Астана қаласына алып кеткен. Елордада шетел азаматын пәтерге апарып, қорқытып, күштеп 200 мың АҚШ долларын талап еткен.

«Қарағанды облыстық полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен жүргізілген арнайы жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Астана қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірі анықталып, ол жерден бопсалау, адамды ұрлап әкету күдігімен жастары 26 мен 34 жас аралықтарындағы төрт Өзбекстан азаматы ұсталды. Қазіргі уақытта адам ұрлау, заңсыз бас бостандығынан айыру және бопсалау баптарымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», – деп хабарлады Қарағанды облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!