Мемлекет басшысы Бельгия Короліне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Король Филипті Бельгияның Ұлттық күнімен құттықтады. 

Президенттің пікірінше, бұл айтулы күн Бельгия халқының ынтымақ-бірлігін, бай тарихын, егемендік пен демократия құндылықтарын берік ұстанатынын көрсетеді. 

Мемлекет басшысы Король Филиптің қызметіне табыс, ал Бельгия халқына бақ-береке тіледі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!