Sputnik.kz. 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы екіжақты тауар айналымы 417,4 миллион долларды құрады, бұл рекордтық көрсеткіш және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31,9%-ға жоғары.
Қазақстанның Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, өңделмеген алюминий жеткізілімі 201 мың доллардан 108,2 миллион долларға дейін 538,2 есе өсті. Осылайша, алюминий Қазақстанның Әзербайжанға экспортының негізгі өнімі болды да, жалпы экспорттың 30%-ын құрады.
Мұнай өнімдерін жеткізу көлемі де 61,1 миллион доллардан 74,9 миллион долларға, шикі мұнай 56,7 миллион доллардан 73,2 миллион долларға дейін өсті.
Қазақстан Әзербайжанға мына өнімдерді жеткізеді:
- бидай;
- рельстер;
- металл прокаты;
- батареялар;
- теміржол вагондары;
- нан және ұн өнімдері;
- макарон;
- маргарин.
Қазақстан Әзербайжаннан не импорттайды
Өткен жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Әзербайжаннан Қазақстанға импорт көлемі 57,3 миллион долларды құрады.
Әзербайжаннан жеткізілетін негізгі тауарлар:
- қара металдан дайындалған құбырлар мен профильдер – 16,2 миллион доллар;
- паромдар және круиздік кемелер – 11,6 миллион доллар;
- ауыз су, оның ішінде минералды және газдалған су – 9,3 миллион доллар.
Әзербайжаннан келетін барлық импорттың 64,8 пайызы осы үш тауар тобына тиесілі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!