Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапарында Ресей мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас туралы пікір білдірді, деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Журналист Қазақстанның Ресейден алшақтап, Батыс елдеріне жақындай түскенін сынап жатқандардың барын айтып, Мемлекет басшысына сұрақ қойды.
«Қазақстан «антиресейлік» емес, біз әлемде ең ұзын шекара біріктіріп отырған Ресеймен жан-жақты ынтымақтастық бағытын берік ұстанып келеміз.
Санкцияларға келетін болсақ, БҰҰ Бас Ассамблеясының жақында өткен сессиясында және басқа да сөйлеген сөзімде санкциялық текетірес жаһандық дағдарыстың шиеленісуі жағдайында эрозияға ұшыраған халықаралық қатынастарды жақсарту тұрғысынан мүлдем кері нәтиже беретінін атап өттім.
Қазақстанда санкциялық шектеулерге жататын тауарлар жоқ. Қазақстан, сондай-ақ Ресейге параллель деп аталатын импортқа қатыспайды. Дәстүрлі тауарлар саудасына келер болсақ, ол өсіп, өткен жылы Қазақстан – Ресей тауар айналымының көлемі 25 млрд долларға жетті.
Жақында Астанада «Иннопром» көрмесі сәтті өтті. Оған премьер-министр Михаил Мишустин бастаған ресейлік делегация келді. Бұл ретте Қазақстан санкциялық шектеулерді ескеруге мәжбүр және бұл мәселе бойынша тиісті халықаралық ұйымдармен байланыста.
Мүмкіндікті пайдалана отырып, мен дипломаттарды Ресей мен Украина арасындағы бейбітшілік туралы келіссөздер үшін өзара қолайлы негіз табуға назар аудартқым келеді», – деп жауап берді Тоқаев.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!