Фото: pixabay.com

Internet Accessibility Index (интернетке қолжетімділік индексі) мәліметтері бойынша, Қазақстан интернет құны ең төмен елдер тізімінде тоғызыншы орында тұр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

MoneySuperMarket порталының мәліметінше мобильді интернет соңғы 20 жылда адамзаттың қажеттілігіне айналды.

Сатистикаға сүйенсек, әлемдегі ең арзан мобильді интернет бойынша Израиль көш бастап тұр. Мұнда 1 ГБ интернет бар болғаны 0,13 доллар тұрады.

Екінші орында Қырғызстан тұр. Онда 1 ГБ құны 0,30  доллар. Мұндай баға Қырғызстанда инфрақұрылымға үлкен инвестициялар мен операторлардың алуан түрлілігінің арқасында мүмкін болды. Дегенмен, бұл елдегі интернет бәрібір бәріне бірдей қолжетімді емес.

Үшінші орында Италия тұр. Мұнда операторлардың көптігі кең таңдауының арқасында 1 ГБ құны 0 0,35 долларды құрайды.

Төртінші орынды Пәкістан мен Бангладеш. Мұнда гигабайт 0,43 доллар тұрады.

Қазақстан мобильді интернеті ең арзан елдердің арасында ТОП-10-ға кірдіФото: Internet Accessibility Index

Ал еліміз Қазақстан 1 ГБ-ға  $0,59 доллармен тоғызыншы орында.

Бұл көрсеткіш бойынша 1 Гб мобильді интернеттің құны 7,12 доллар болатын Швейцария интернеті ең қымбат ел атанды.

Internet Accessibility Index 2024 11 негізгі факторды пайдалана отырып, 150 елдегі интернеттің қолжетімділігі мен құнын талдады.

Барлық факторларды ескергенде, топ-3 құрамына Дания, Сингапур және Финляндия кірді. Ал барлық фактор бойынша Қазақстан 46-шы орында тұр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!