Фото: ТЖМ

Елімізде су тасқынымен күресу үшін жапондықтармен бірлесе отырып, жұмыс жүргізеді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Су ресурстары және ирригация министрлігі Қазақстан мен Жапонияның гидротехникалық құрылыстарды нығайту бойынша бірлескен жұмыс жүргізетінін мәлімдеді. Су тасқынына байланысты жұмыстарды осы жылдың маусым айында бастау жоспарланған.

Ведомство мәліметінше, Жапонияның жер, инфрақұрылым, көлік және туризм министрлігімен бірлесіп жұмыс істей алатынын жеткізді. Тағы бір нұсқа – жапондық халықаралық ынтымақтастық агенттігімен (JICA) бірлесу. JICA агенттігі осы жылдың маусым айында техникалық қолдау көрсетуге дайын екенін білдірген.

«Қазақстан тарапынан сұранысқа жедел жауап берген жапондық әріптестерімізге алғыс айтамын. Біз жұмысты бастау үшін барлық қажетті деректерді беруге дайынбыз. Қазір біздің сарапшылар нысандарға алғашқы тексерулер жүргізуде. Заманауи жапондық технологиялар қажетті жұмыс көлемін дәл анықтауға мүмкіндік береді»,- деп атап өтті Су ресурстары және ирригацияның министрлігінің бірінші вице-министрі Болат Бекнияз.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!