Фото: jogargy_sot
АҚШ-тың ірі басылымдарының бірі The Washington Post әйелін өлтірді деп айыпталып жатқан қазақстандық экс-министр Қуандық Бишімбаевқа мақала арнады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Мақала авторы бұл сот ісі Қазақстан үшін жаңа бетбұрыс болды деп санайды.
«Қазақстанның экс-министрі, бизнесмен Қуандық Бишімбаевтың әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталуына қатысты процесі қоғамда резонанс тудырды. Бұл сот процесі Орталық Азия елінің жүйкесін тоздырды. Он мыңдаған адам тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны күшейтуді талап еткен петицияларға қол қойды», – делінген мақалада.
АҚШ басылымы сотта көрсетілген жантүршігерлік кадрларды сипаттаған. Бишімбаевтың ұялы телефонында кадрларды жазған. Экс-министрдің әйелін шашын сүйреп, ұрып жатқан сәттері бар. The Washington Post осы жағдай Қазақстанда зорлық-зомбылыққа қатысты заң қабылдауға әсер етті деп санайды.
«19 миллион халық тұратын мемлекетте алғаш рет Бишімбаевтың соты онлайн трансляция жүргізіп жатыр. Әлеуметтік желіде бұл мәселе қатты талқылануда. Көпшілік мұны Тоқаев уәде еткен реформалардың жүзеге аса басқан деп санайды», – дейді мақала авторы.
Батыс журналистерінің көзқарасы бойынша Бишімбаев ісі қазақстандықтардың дүниетанымы мен құқықтық санасын өзгертудегі бетбұрыс болған. The Washington Post газеті Салтанат Нүкенованың өлтірілуі тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты заңнамалық нормаларды қайта қарауға серпін бергенін, ол Қазақстанда Ресей Федерациясының үлгісі бойынша 2017 жылы жұмсартылғанын атап өтті.
«Көршілес Ресей сияқты, қазақ қоғамы негізінен патриархалды болып қала береді және тұрмыстық зорлық-зомбылықпен, жыныстық қудалаумен және еңбек нарығындағы теңсіздікпен күресу сияқты салалардағы ілгерілеушілік баяу болды. 2018 жылы БҰҰ Әйелдер ұйымының қамқорлығымен жүргізілген зерттеуге сәйкес, Қазақстанда жыл сайын 400-ге жуық әйел тұрмыстық зорлық-зомбылықтан көз жұматыны айтылған. Бірақ бұл ресми деректер, көбісі тіпті айтылмайды», – деп жазылған.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!