Фото: sportishka.com
Қазақстан мен Вьетнам визасыз келісімге қол қойды. Енді азаматтарымыз Вьетнамда 30 күн визасыз жүре алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақпаратты 4 мамырда вьетнамдық бағытта жұмыс істейтін бірнеше туроператорлар таратты.
«Заң 2024 жылдың 25 мамырында күшіне енеді», – делінген travelpress.kz сайтында.
Олардың хабарлауынша, қазақстандықтар Вьетнамға визасыз кіруге, шығуға, ол арқылы жүруге немесе тұруға мүмкіндік алады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!